Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қауіпсіз орта қалыптастыру, сапалы тәрбие мен лайықты болашақпен қамтамасыз ету — мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жас көрермендердің рухани және шығармашылық тұрғыдан дамуына, олардың бойына өнер арқылы жоғары адамгершілік құндылықтарды сіңіру ісіне тұрақты түрде үлес қосып келеді. Классикалық музыка мен ұлттық өнер балалардың тұлғалық үйлесімді қалыптасуының маңызды негізін құрайды.
Еліміздің жарқын болашағы — балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін!

