ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

🎼 «Құрметті көрермен — 2026» анықталды

image-01-06-26-02-28
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының жаңа жобасы аясында «Құрметті көрермен — 2026» номинациясының иегері белгілі болды. 20 жылдан астам уақыт бойы концерттерді үзбей тамашалап келе жатқан Тұрған Садықұлы Жүнісов осы марапатқа лайық деп танылды.
 
Марапатталушыға өнерге деген ерекше ықыласы, мәдени шараларға тұрақты қатысуы және рухани құндылықтарды қолдауға қосқан үлесі үшін филармония директорының арнайы алғыс хаты, ұйым логотипі бейнеленген төсбелгі және « Құрметті көрермен — 2026» статуэткасы табыс етілді.
 
Филармония ұжымы әрбір кеште өнерді ұлықтап, залда шынайы ықыласымен отыратын әрбір жанға алғыс білдіреді. Тыңдарман қолдауы — біздің шығармашылық ізденісіміздің басты қозғаушы күші.
 
Өнерді сүйетін көрерменіміз көп болғай!
Әлеуметтік желіде бөлісу
 Версия сайта для слабовидящих