ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Өнер мен инновация тоғысқан жартыжылдық: Жамбыл филармониясы І жартыжылдықты қорытындылады

image-26-06-26-03-01-12
  Алматы қаласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы өзінің мерейтойлық 90-шы концерттік маусымы аясында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған ауқымды шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарын қорытындылады. Есепті кезеңде мәдениет ошағы ұлттық өнерді ұлықтау, заманауи трендтерді өндіріске енгізу және халықаралық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру бағытында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Статистикалық көрсеткіштер: Серпінді даму серпіні Жылдың алғашқы жартысында филармонияның шығармашылық ұжымдары белсенді концерттік-гастрольдік қызмет атқарды. Есепті кезеңде жалпы саны 165 концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылып, бұл іс-шаралармен 60 912 өнерсүйер қауым қамтылды. Сонымен қатар, өнер ұжымдарының шығармашылығын өңірлерде насихаттау мақсатында 23 гастрольдік сапар сәтті ұйымдастырылды. Бұл көрсеткіштер филармония ұжымдарының жоғары сұранысқа ие екендігiн және ел көлеміндегі мәдени байланыстың жүйелі жолға қойылғанын айғақтайды. Премьералар мен мерейтойлар: Дәстүр мен жаңашылдық І жартыжылдықтың репертуарлық саясаты мазмұндылығымен және жанрлық әртүрлілігімен ерекшеленді. Осы кезеңде мәдениет саласы үшін маңызы зор бірнеше ірі жобалар сәтті жүзеге асырылды:
  • «Гүл Алматы — 2026» республикалық фестивалі: Қаланың мәдени өміріне серпін берген ауқымды өнер мерекесі ретінде деңгейлі ұйымдастырылды.
  • «ХХ26» заманауи музыка фестивалі: ХХ ғасыр және қазіргі заман композиторларының бірегей шығармаларын насихаттауға арналған концептуалды жобаға айналды.
  • Тарихи тұлғаларды ұлықтау: Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ата толғауы» салтанатты концерті мен академик Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Во имя музыки» еске алу кеші жоғары кәсіби деңгейде өтті.
  • Музыкалық инновациялар: Өнер кеңістігінде алғаш рет заманауи технологиялар мен жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктері біріктірілген «Әуенге айналған сезім» атты жаңа форматтағы концерт ұсынылды. Сонымен қатар, әлемдік классикалық туынды – «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды.
  • Әлеуметтік жауапкершілік: 1 маусым – Халықаралық балалар күні қарсаңында өскелең ұрпақтың өнерге деген ынтасын арттыру мақсатында «Ғажайып балалар әлемі» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, көрермендерге тегін негізде жол тартты.
Әртістерді қолдау: Еңбек пен марапат Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында филармония өнерпаздарының мемлекеттік мәдениетті дамытуға қосқан үлесі жоғары деңгейде бағаланды. Шығармашылық құрамның бірқатар өкілдері мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болды. Атап айтқанда:
  • 2 әртіс – «Құрмет» орденімен;
  • 7 әртіс – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен;
  • 2 әртіс – «Еңбек ардагері» медалімен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұдан бөлек, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында ұжымның 4 әртісі жаңа баспаналы болып, баспана жағдайын жақсартты. Көрерменмен серіктестік Маусым қорытындысы бойынша филармонияның шығармашылық тынысын үздіксіз бақылап, мәдени шараларға белсене қатысқан адал тыңдармандар арасынан «Құрметті көрермен — 2026» номинациясының иегерлері анықталып, арнайы марапаттарға ие болды. Жамбыл филармониясы әрқашан өнер биігінен табылуды көздейді және өз көрерменіне шынайы алғысын білдіреді.
Previous
Next
Әлеуметтік желіде бөлісу
 Версия сайта для слабовидящих