21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының бірқатар қызметкерлері мәдениет саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Бұл марапаттар – өнер мен мәдениет жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне және ұлттық мәдениетті дамытудағы сүбелі үлесіне берілген жоғары баға.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, зор денсаулық, толағай жетістіктер және өнер жолындағы жаңа белестер тілейміз!
Ізгі тілекпен,Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы








