1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының ұйымдастыруымен «Ғажайып балалар әлемі» атты мерекелік гала-концерт өтті.
Капелланың көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Бейімбет Демеуов жас таланттарға ақ батасын берді.
Өнерпаз бүлдіршіндер мен би ұжымдары Филармония директоры Нұрғиса Дәуешовтің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.
Кішкентай дарындар мен хор ұжымы балалық шақтың ең жарқын әндері мен билерін тарту етті.
📅 Концерттік маусымның жабылуы қарсаңында:
Сіздерді 10 маусым сағат 19:00-де өтетін «ЛЕГЕНДЫ РОКА» атты ерекше бағдарламамызда күтеміз! 🎸
Previous
Next