ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы

Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыру комитеті өткізеді.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
1) Қазақстанның дирижерлік мектептің дәстүрлерін сақтай отырып, насихаттау, кәсіби мамандарымен әріптестік қарым-қатынас орнату, дирижерлік шеберлікті арттыру;
2) Жаңа есімдерді анықтау және таныту, талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау;
3) Дарынды дирижерлерді анықтау және ынталандыру, таланттардың шеберлік алмасуы, Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының музыкалық өнер саласындағы 18 бен 35 – жас аралығындағы талантты жастар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Конкурс 2 кезең тұрады:
1) Дирижерлеу (І – ІІ тур, 09– 10.10.2025 ж. Үлкен зал)
2) 10.10.2025 ж. сағ 19:00 Гала-концерт

1) І кезең – 2025 жылдың 15 тамыз – 15 қыркүйек аралығында – осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді электрондық нұсқада мынадай құжаттар мен материалдарды (бұдан әрі – өтінім) қоса бере отырып қабылдау:
жеке басын куәландыратын құжаттың PDF көшірмелері; шығармашылық өмірбаяны;
13х18 сантиметр көлеміндегі Конкурсқа қатысушының түрлі — түсті фотосуреті (JPEG форматында);
Қазақстан Республикасының немесе шетелдік екінші деңгейдегі банкінде дербес шоттың болуы туралы анықтамалар;
білім туралы дипломның көшірмелері;
оқу орнынан анықтамалар (студенттер үшін);
байқауға қатысушының өнер көрсететін бейнеролигі.
2- 4 қосымшаларына сәйкес 1 — турда таңдауға болатын 2 туындының (ірі және кіші нысанда) өтінімі мен орындалатын шығармалар бағдарламасы, 2-турда таңдауға болатын 2 туындының (ірі және кіші нысанда) орындалатын шығармалар бағдарламасы электрондық поштаға жіберіледі: philarmon@mail.ru, анықтама телефоны: ‪+7 727 291 71 49‬, ‪+7 707 932 16 98‬;
2) ІІ кезең – 2025 жылдың 15 қыркүйекке дейін — осы Қағидалардың 5-тармағына және 6-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес ұсынылған өтінімдерді қарау және қабылдау. Конкурсқа қатысушылар осы Қағидалардың 5-тармағына және 6-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда ұсынылған өтінімдері қарауға жатпайды;
ІІІ кезең – 1 тур. 2025 жылдың 09 қазан күні өткізіледі;
ІV кезең – 2 тур. 2025 жылдың 10 қазанда өткізіледі;
V кезең – 2025 жылдың 10 қазанда — Конкурс қорытындысын шығару және Конкурс жеңімпаздарын марапаттау және Гала-концерті өткізіледі.

Положение конкурса дирижеров каз.яз.