Құрметті көрермен!
Осы кешіңізді қазақ өнерінің қара шаңырағы – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына арнағаныңызға үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, филармония мәдениетін естен шығармауларыңызды өтінеміз.
Құрметпен,
Филармония әкімшілігі
Концерт залына кірудің негізгі ережелері
- Филармонияның концерттеріне (іс-шараларына) билет сатып ала отырып, келуші осы Ережелермен келіседі және филармонияның концерт залдарында осы Ережелер мен қоғамдық тәртіпті сақтауға міндеттеледі.
- Филармония ғимаратына кірер кезде келуші белгіленген үлгідегі ресми сатып алынған билеттер мен абонементтер бойынша қатаң бақылаудан өтеді.
- Келуші билетті концерт (іс-шара) аяқталғанға дейін, абонементті -концерт сериясы аяқталғанға дейін сақтауға міндетті.
- Электрондық билетті электрондық пошта арқылы сатып алғанан кейін басып шығару қажет. Концертке кіру үшін келуші бақылаушыға басып шыгарылған электрондық билетті ұсынады.
- Концертке (іс-шараға) қоғамдастық, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б. филармония әкімшілігінің арнайы шақыруы бойынша келген жағдайда бақылаушыға растайтын құжат (зейнетақы куәлігі, студенттік билет, қызметтік куәлік және т.б.) ұсынулары қажет, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері филармония әкімшілігінде тіркеуден өтуі тиіс.
- Филармония ғимаратына көрермендердің кіруі 1-ші қоңыраудан кейін, іс-шара басталғанға дейін 1 сағат бұрын жүзеге асырылады. 2-ші қоңыраудан кейін көрермендер концерттік залға кіріп, орындарына жайғасуға рұхсат етіледі. 3-ші қоңыраудан кейін партерге және амфитеатрға кіруге рұқсат етілмейді. Кешіккен көрермендерді бақылаушы балконға немесе кез келген бос орынға отырғызуға құқылы. Билетте көрсетілген орынға антракт кезінде ауысуға болады.
- Тыңдармандар мен орындаушыларға кедергі келтірмеу үшін, концерт басталған уақыттан 25 минут өткенде сыртқы есіктер жабылады.
- Концерт болмаған жағдайда тыңдармандарға алдынала сатып алынған билеттер қайтарылуы мүмкін.
- Қолма-қол есеп айырысу үшін тек филармония кассасынан, сондай-ақ филармонияның ресми өкілдерінен сатылып алынған билеттердің бүлінбеген түпнұсқалары қайтарылады.
- Көрерменнің кінәсінен концертке кешіккен жағдайда ақшаны қайтару, басқа концертке (іс-шараға) орын беру немесе қандай да бір басқа өтемақы жүргізілмейді.
- Филармония әкімшілігі алдын ала ескертусіз бағдарламалар мен орындаушылар құрамына өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Орындаушылар құрамының ауысуы сатылып алынған билетті қайтару немесе ауыстыру үшін негіз болып табылмайды.
- Концерттің болатын күндері кейбір жағдайларда өзгертілуі мүмкін.
- Қауіпсіздік сақтау мақсатында, филармония залына өртке қауіпті, жарылғыш және улы заттарды, өткір және кесетін заттарды, сондай-ақ пиротехникалық кұрылғыларды, есірткі заттарын, алкогольдік ішімдіктерді, ірі көлемді заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады.
- Концерт барысында келушілер телефондарын дыбыссыз режимге немесе өшірулері міндеттеледі.
- Концерттер кезінде фото/бейне түсірілім жасауға қатаң тыйым салынады!
Балалармен келетін тындаушылар үшін концертке кіру ережелері
- 6 жасқа дейінгі балаларға кешкі концерттерге (іс-шараларға) кіруге жол берілмейді. 6 жастан асқан балаларға растайтын құжаттар болған жағдайда рұхсат беріледі.
- 3 жасқа дейінгі балалар үшін (қоса алғанда) ересектермен бірге күндізгі балалар концерттеріне кіру тегін.
- 3 жастан асқан балалар залға жеке билет немесе абонемент болған жағдайда ғана жіберіледі.
- 12 жасқа дейінгі балалардың концерттерге қатысуы ересек адаммен бірге ғана мүмкін болады.
Концерт залының аумағындағы тәртіп ережелері
- Әкімшілік филармония ғимаратына мас күйдегі адамдарды жібермеуге қуқылы.
- Залға сыртқы киімде, ірі көлемдегі заттар, сусындар, азық-түлік өнімдері, пиротехникалық құралдармен өтуге тыйым салынады.
- Тындаушылардың сыртқы киімі мен ірі көлемдегі заттары гардеробқа (бір нөмірге бір заттан артық емес) тапсырылуы тиіс. Филармония әкімшілігі көрермендердің концерт уақытында жоғалған жеке заттары үшін, олар гардеробқа өткізілмеген жағдайда жауап бермейді.
- Концерт тындаушыларына филармония әкімшілігінің ресми рұқсатын алмай фото, аудио және бейне аппаратураларды пайдалануға тыйым салынады.
- Көрсетілген талаптарға бағынбайтын тыңдаушылар концерт залынан шығарылуы мүмкін және оларға билет кұны қайтарылмайды.
Көрермендердің, әртістер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында филармония аумағында бейнебақылау камералары жұмыс істейді.
Көрермендер өздерінің сұрақтары мен өтініштері бойынша төменде көрсетілген QR код бойынша немесе телефон нөмерлеріне хабарласа алады.
Қабылдау бөлімі: +7 727 291 77 238;
Концерттік-гастрольдік бөлім: +7 727 291 81 57, + 7 707 175 30 10.