ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫ

Төтенше жағдайлардың алдын алу түсіндірме жұмыстары өткізілді

Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар, соның ішінде табиғи апаттар қаупі қоғамды алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі. Осы жағдайды айрықша назарға ала отырып, алдын алу мақсатында 22 ақпан күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі сала маманы Серік Карановтың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік шаралары пысықталды. Тасқын мен селге қарсы, күннің ысуына байланысты болатын табиғи немесе адамдардың қателігінен өршитін өрттің бетін қайтаруға дайындық, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша мәселелер түсіндірілді.

Қазақ апат айтып келмейді дейді. Алайда «Сақтықта қорлық жоқ» деген нақыл сөз бар. Осы орайда төтенше жағдай саласы мамандарының біліктілігіне жүгінген де жөн.

Әлеуметтік желіде бөлісу