ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫ

Концерттік мекемелердің «Мәдени байланыстарды қалыптастыру және дамыту» семинары өтті

9 маусым күні Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясының ұйымдастыруымен концерттік мекемелердің «Мәдени байланыстарды қалыптастыру және дамыту» семинары өтті

Жиынға еліміздің әр өңірінен келген өнер ұжымдарының басшыларымен бірге, ҚР «Композиторлар қауымдастығының», «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен «Музыка қайраткерлері одағы» Қоғамдық бірлестігінің маманы қатысты

Семинарға төрағалық етіп, алғашқы сөз тізгінін алған филармония басшысы Ақан Абдуалиев өз баяндамасында бүгінгі таңда қордаланған мәселелер тізбегін атап өтті.

Күн тәртібінде:
• қазіргізаманауи жағдайда ұжымдардың репертуарын жаңарту және дамыту;
• өзара концерттік-гастрольдік байланыстарды нығайту;
• артистердің орындаушылық шеберлік алмасуы;
• концерттік мекемелердің ішкі-сыртқы күрделі мәселелері қызу талқыланып, оларды оңтайлы шешу жолдары қарастырылды.

Семинар қорытындысы ретінде шешімін табуға тиіс күрделі мәселелер легі сараланып, мекеме басшылары өзара меморандумға қол қойды.

Қатысушылар бүгінгі шараға қолдау көрсеткен Мәдениет және спорт министрлігіне және ұйымдастырған Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына алғыстарын білдірді

 

Әлеуметтік желіде бөлісу