ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Нұрғали Нүсіпжанов

Қазақстанның Халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Көрнекті тұлға және отандық орындаушылық өнердің тірі аңызы. Осы жылдар ішінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, «Отырар сазы»оркестрімен сәтті өнер көрсетті. Н. Нүсіпжанов-Нұрғиса Тілендиевтің көптеген вокалдық шығармаларының алғашқы орындаушысы. Орындаушылық өнер шебері Қазақстанның өнерін шетелде-Швецияда, Финляндияда, Моңғолияда, Ауғанстанда, Йеменде, Анголада, Кипрде, Португалияда, Сирияда, Грецияда, Югославияда, Алжирде, Германияда, Түркияда, Польшада, Қытайда және т.б. елдерде зор табыспен ұсынды.

Әлеуметтік желіде бөлісу