ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Мақпал Тоқтаған

Республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. 2012 жылы Мәдениет және өнер саласындағы жемісті жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Түрлі қалалар мен елдерде өткен «Алматы мәдениет күндері» іс — шарасына қатысты: 2007 жыл — Одесса (Украина), 2008 — Штутгарт (Германия), 2012 — Париж (Франция), 2013 — Үрімші (Қытай), Минск (Беларусь), 2015-Ницца (Франция). 2016 жылы Сербия астанасы Белградта Жамбыл Жабаев ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. М. Тоқтағанова барлық мәдени-бұқаралық іс-шараларға және республика бойынша гастрольдік сапарларға белсенді қатысады, онда қазақ халық музыкасын лайықты ұсынады. Репертуарда халық әндері, халық композиторларының әндері — Сүйінбай, Жамбыл, сондай – ақ қазіргі қазақстандық композиторлардың әндері бар.

Әлеуметтік желіде бөлісу