ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Федор Артамонов

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  және П.И.Чайковский Мәскеу Мемлекеттік консерваториясының түлегі. 2012  жылдан 2020 жылға дейін Марат Бисенғалиевтің жетекшілігімен құрылған «Алматы» симфониялық оркестрінің виолончельдер тобының концертмейстері, сондай-ақ топтың әртісі, кейін Мумбай қаласындағы Үндістан Симфониялық оркестрінің виолончельдер тобының концертмейстері болды. 2020 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің виолончель тобының әртісі. 2021 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисі.

Республикалық жас орындаушылар байқауының І премиясының (1998 ж.,Астана қ.), Алматы қаласында өткен  скрипкашылар, альтистер және виолончелистердің Бірінші халықаралық байқауының (2000 ж.), Алматы қаласында өткен бірінші халықаралық виолончелистер байқауының (2004 ж.) лауреаты.  Лондон, Мәскеу қалаларында концерттер өткізді және де Қазақстан бойынша Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Т.Әбдірашев атындағы  ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен, «Қазақстан камераты» Мемлекеттік камералық оркестрмен бірге концерт берді. Түрлі музыкалық фестивальдерге қатысты. Жеке және камералық ансамбльдерде әр түрлі шығармаларды орындай отырып, өз шеберлігін үнемі жетілдіріп отырады.

Әлеуметтік желіде бөлісу