ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Қарағайлы – үрмелі аспаптар квинтеті

Жанат Ерманов
көркемдік жетекшісі
1997
құрылған жылы

Құрамында: Жанат Ерманов (кларнет), Ақерке Омарова (флейта), Құралай Әлімбаева (гобой), Санжар Қадырбеков (валторна), Дәур Халықов (фагот)

Ағашты – үрмелі аспаптар квинтеті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық конкурстардың лауреаты, В.А.Моцарт атындағы Европалық музыка академиясының түлегі, кларнетші Жанат Ермановтың басшылығымен 1997 жылы құрылды. Ұжымның табысты концерттік қызметі өте жоғары бағаланып, квинтет 2004 жылы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының құрамына алынды. Квинтет артистері республикалық, аймақ аралық және халықаралық конкурстардың лауреаты – бұл өрелі тұлғалардың ансамбль ұжымында бас қосқан тамаша көрінісі. Мемлекеттік ағашты-үрмелі квинтеті Азия құрылығындағы алғашқы камералық ұжым болып, Марсель қаласындағы , Париж, Берлин, Монако, Будапешт, Лион және өзге де қалалар ансамбльдер арасындағы шығармашылық бәсекелестікте құрметті дипломды жеңіп алды. Олар Франция, Англия, Австрия және Ресей елдерінің көптеген қалаларына гастрольдік сапарлармен жиі шығып, ондағы камералық музыканың шын бағалаушылары мен құрметтеушілерінің басын қосты. Музыканттар өзінің тыңдаушыларына түрлі дәуірлер мен стильдер композиторларының туындыларынан рухани ләззат алуға мүмкіндік туғызуда. Ж.Ермановқа квинтетке нұсқалап жасаған қазақтың халық музыкасы үлкен ілтипатпен қабылданады. Квинтет концерттерінде Б.Баяхуновтың, Ә.Бестібаевтің, Б.Қыдырбектің, Қ.Шілдебаевтің, Б.Аманжоловтың, Е.Андосовтың және  көптеген қазақстандық композиторлардың шығармаларын жиі тыңдауға болады.

Әлеуметтік желіде бөлісу