ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартеті

Ернар Мыңтаев
көркемдік жетекшісі

Құрамында: Айдар Тоқталиев (1 ші скрипка), Алексей Лебедев (2 ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), Ернар Мыңтаев (виолончель).

Шекті аспаптар квартетінің алғашқы құрамы 1988 жылы Алматы қаласының Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде құрылған болатын. Бүгінгі шығармашылық ұжымда орындаушылардың төртінші буыны қызмет етуде. Шекті квартеттің негізін салушы және құрушысы, ұжымның көркемдік жетекшісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, шебер виолончелші Ернар Мыңтаев. Мемлекеттік квартет Қазақстанның ең үздік камералық ансамбльдерінің бірі болып саналады. Оның жоғары орындаушылық деңгейі, виртуоздық техникасы, дыбыс сұлулығы, стильді тылсым сезінуі және биік ансамбльдік мәдениеті бірден назар аудартады. Квартеттің репертуарында көптеген әлемдік классикалық музыка қатары, Қазақстан композиторларының озық шығармалары орын алған. Ұжым көптеген белді де беделді халықаралық байқаулар мен фестивальдардың лауреаты лауазымдарына ие болды. Ол республика қалаларында, таяу және алыс шетелдерде, Францияның, Англияның, Австрияның, Испанияның, Италияның, Египеттің, Түркияның және басқа елдердің үздік концерт залдарында өнер көрсетті. Ұзақ уақыт бойынша квартеттің ұстазы әрі қамқоршысы Бородин атындағы Мемлекеттік квартеттің жетекшісі, Ресейдің халық әртісі, профессор В.А.Берлинский болып, ол ансамбльге зор шығармашылық күш-қуат берді, соның арқасындаа музыканттар үлкен табыстарға жетіп, кемелдену биігінде қызмет етуде.

Әлеуметтік желіде бөлісу